Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиев кезекті мәрте америкалық Джастин Гэтжиді жекпе-жекке шақырды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Физиев бұл жолы Конор МакГрегормен USADA ұйымынан тест тапсыратын болса, ирландиялықпен кездесемін деген әңгімесі үшін Гэтжиге тағы тиісті.
"USADA биыл мені алты рет тексерді. Сондықтан, бауырым, мен әділ айқасқа дайынмын. Әрине, сен менен қорқып, қашып кетпесең", - деді Физиев.
Еске салайық, осыған дейін МакГрегор UFC файтерлері арасында бірінші болып USADA допинг сынағынан өтуден бас тартқан спортшы болған еді.
Айта кетейік, Физиев Қазақстанның Кордай қаласында дүниеге келген. Ал UFC-де ол алғашқы кездесуін 2019 жылы өткізген. 2021 жылдың 14 қазанына дейін ол Қырғызстан намысын қорғаған. Қазіргі уақытта Әзірбайжан атынан шығып жүр.