1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

UFC
Кеше 19:41
 

UFC-де бақ сынайтын қазақстандық спортшының жекпе-жек күні белгіленді

  Пікірлер

blog.share

UFC-де бақ сынайтын қазақстандық спортшының жекпе-жек күні белгіленді ©Турар Казангапов/Vesti.kz.

UFC-де бақ сынайтын қазақстандық Асу Алмабаев (23-3) келесі жекпе-жекке дайындалу үшін Ресейдің Осетия аймағына аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

UFC-де бақ сынайтын қазақстандық Асу Алмабаев (23-3) келесі жекпе-жекке дайындалу үшін Ресейдің Осетия аймағына аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

32 жастағы спортшының айтуынша, Владикавказдағы оқу-жаттығу жиынына қазақстандық файтерлер Фаниль Рафиков пен UFC өкілі Алиби Идрис те қатысады.

Сонымен қатар, Алмабаев келесі жекпе-жегінің уақыты алдын ала келісілгенін айтты.

«Фанильдің жекпе-жегі 20 сәуірде өтеді, қателеспесем. Қазір соған дайындалып жатыр. Біздің де жекпе-жек уақыты келісілді. Енді соған дайындалуға бара жатырмыз. Бізге сәттілік тілеп қойыңыздар. Бұл жиындар нәтижелі өтіп, елге аман-есен оралайық», – деді Асу Алмабаев.

1 наурызда Мехикода (Мексика) Асу Алмабаев UFC турнирін бастап, ұйымның бұрынғы екі дүркін чемпионы Брэндон Мореномен жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда дайындық барысында спортшы қолын сындырып алып, кездесуден бас тартуға мәжбүр болған еді.

Қазақстандық файтердің соңғы жекпе-жегі 2025 жылдың 2 қарашасында Қатардың Доха қаласында өткен UFC турнирінде өтті. Бұл кездесуде ол америкалық Алекс Пересті үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіп шықты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!