Аустралиялық файтер Александр Волкановски (25-1) жеңіл салмақта UFC чемпиондық атағын төртінші мәрте қорғап, Хабиб Нурмагомедовтің көрсеткішін қайталады, деп жазады "Чемпионат" порталы.
32 жастағы Волкановски UFC-дегі алғашқы кездесуінен кейін қатарынан 12 айқаста жеңіске жетті. Осылайша, ол Андерсон Силва, Камару Усман және Хабиб Нурмагомедовтің көрсеткішін қайталады.
Бұл спортшылардың барлығы да чемпион болған. Силва ұзақ уақыт орта салмақта чемпион болса, Хабиб жеңіл салмақтың үздігі болды. Ал Волкановски мен Усман бұрнағы күні жартылай жеңіл және супер орта салмақта чемпион атағын қорғады.
Еске салайық, Волкановси бүгін UFC 276 турнирінде америкалық Макс Холлоуэймен (23-7) кездесіп, үшінші рет жеңді.