UFC басшысы қазақстандық менеджердің файтеріне чемпиондық жекпе-жек өткізуге уәде берді

©instagram.com/petr_yan/

UFC президенті Дана Уайт ресейлік Петр Ян мен америкалық Шон О’Мэлли арасынлағы кездесудің жеңімпазы келесі айқасында чемпиондық белбеуге таласатынын айтты, деп жазады "Чемпионат" порталы My Mom's Basement with Robbie Fox YouTube каналына сілтеме жасап. 

Бұл кездесу 23 қазан күні UFC 280 турнирінде өтеді. Бұл жекпе-жек кешінің басты айқасында ресейлік Ислам Махачев пен бразилиялық Чарльз Оливейра айқасады. Ал оның алдында Алджэмейн Стерлинг Ти Джей Диллашоумен кездесу өткізеді. 

Айта кетейік, Янның қазіргі уақытта менеджері қазақстандық Саят Адрахманов. Ол ресейлік файтердің барлық жекпе-жектері бойынша келіссөз жүргізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport