UFC президенті Дана Уайт UFC 279 турнирі алдында Швеция намысын қорғайтын шешен спортшысы Хамзат Чимаев не үшін салмақ лимитін орындай алмағанын айтты, деп жазады Karate.ru порталы.
Оның айтуынша, Чимаев салмағын денсаулығы сыр бергеніне байланысты дұрыс түсіре алмаған.
"Кеше Хамзатты көрген болсаңыздар оның арып кеткенін байқар едіңіз. Ол негізі салмақ лимитін орындау керек болатын. Қысқа айтатын болсақ, оның денсаулығы сыр берді. Дірілдеп кетті. Ол салмақ қуған кезде көп файтердің басынан өткеретін қиындыққа тап болды.
Біз оған дәрігер шақырдық. Дәрігер өз-өзін қинауды тоқтатуды сұрады", - деді Уайт.
Еске салайық, алдағы турнирде Чимаев Нейт Диаспен кездесуі керек болатын. Енді ол Кевин Холландқа қарсы жекпе-жек өткізеді.