UFC америкалық файтерді жекпе-жектерден уақытша шеттетті

31 наурыз 2022 18:26
©UFC

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін америкалық файтер Кёртис Блэйдс  UFC ұйымында жекпе-жектен уақытша шеттетілді, деп жазады MMA Fighting порталы. 

Кёртис Блэйдс Крис Докоспен өткізген кездесуде тобығынан жарақат алып қалды. Енді ол дәрігерлерден рұқсат алмағанша жаттығу жасап, жекпе-жек өткізе алмайды. 

Еске салайық, Кёртис Блэйдс пен Крис Докос арасындағы айқас 26 наурыз күні Колумбуста (АҚШ) UFC on ESPN турнирінде өтті. Бұл кездесудің екінші раундының 17-секундында Блэйд қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Осылайша, Блэйд аралас жекпе-жекте 16 кездесуінде жеңіске жетті. Ол жалпы үш мәрте жеңілген. Ал Докос болса бесінші мәрте жеңілді. 32 жастағы Крис тоғыз мәрте мерейі үстем болған. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: