29 маусым күні Лас-Вегаста болатын UFC 303 жарысындағы басты жекпе-жек өтпейтін болды. Қайта оралған Конор Макгрегор жарақат алып қалған. Нәтижесінде бұл жекпе-жек ресми түрде алынып тасталды.
UFC 303 турнирінің басты жекпе-жегінде Алекс Перрейра мен Иржи Прохазка қайта шайқасады. Одан кейінгі маңызды кездесудің бірі Брайан Ортега мен Диего Лопес арасында өтеді. Энтони Смит Джамал Хиллді алмастырып, Карлос Олбергке қарсы шығатын болды.