"Уақыты белгілі". Менеджер Рахмоновтың келесі жекпе-жегі жайлы ақпаратпен бөлісті

©UFC

UFC-де өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың (16-0) менеджері Саят Әбдірахманов қазақстандықтың Джефф Нилмен (15-4) кездесуі туралы тың ақпаратпен бөлісті. Оның айтуынша, аталған айқас жуық арада өтуі әбден мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Жуырда жартылай орта салмақтағы жерлесіміз Нилге үндеу жасап, оны айқасқа шақырды. Содан соң рейтингте алтыншы орында тұрған америкалық Рахмоновпен кездесуді ұйымдастыру туралы UFC-дің матчмейкерлеріне хабарласқанын айтты. 

"Келіссөз аяқталуға жақын. Жекпе-жектің қашан және қайда өтетіні белгілі. Қазіргі уақытта келісімшарт пен UFC тарапынан ресми хабарды күтіп отырмыз", - деді менеджер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport