UFC
Бүгін 10:39
 

Төрехан Сабырхан қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Төрехан Сабырхан қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді ©instagram.com/boxingkazakhstan

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарының ширек финалында мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

70 келіге дейінгі салмақтағы жекпе-жекте ол Ирак боксшысы Али Касим Хамдан Әл-Саррайды бірінші раундта бауырдан ұрып, нокаутқа түсірді.

Осылайша, Төрехан Сабырхан жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр.

Бүгін, 28 қыркүйекте Алуа Балқыбекова (51 келі) мен Өзбекстан өкілімен жекпе-жекте камбэк жасаған Наталья Богданова (75 келі) да қола жүлдеге ілігіп отыр.

Бүгін Қазақстан құрамасынан тағы мына боксшылар өнер көрсетеді:

1/4 финал

14:00. 55 келі. Махмұт Сабырхан - Джэён Син (Оңтүстік Корея);

15:00. 90 келі. Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан).

Айти және Нагояда өтіп жатқан бокс жарыстары 21 қыркүйек пен 2 қазан аралығында өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!