UFC промоушенінің танымал төрешісі Джон Маккарти қарсыластарынан айқын басым болғанына қарамастан ресейлік Хабиб Нурмагомедовті мықты файтер деп мойындамады, деп жазады "Чемпионат" порталы.
Еске салайық, осыған дейін UFC президенті Дана Уайт та Хабибті промоушен тарихындағы ең үздік бес файтердің қатарына қоспаған болатын.
"Мен негізі Данамен келіспеймін. Дегенмен Хабиб карьерасын өте ерте аяқтады. Мен үнемі Хабиб октагонда қарсыластарынан айқын басым болатынын айттым. Бірақ Джонс барлығынан талантты спортшы. Ол 15 мәрте чемпиондық белбеуін қорғады. Ал Хабиб ше? Менің ойымша, Джон Джонс - UFC тарихындағы ең мықты файтер", - деді Маккарти.
Айта кетейік, Нурмагомедов UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 2020 жылдың қазан айында өткізді. Ол UFC 254 турнирінде америкалық Джастин Гэтжиді "үшбұрыш" әдісімен жеңіп, карьерасын аяқтағаны туралы мәлімдеме жасады. Жалпы Хабиб бұл ұйымда 13 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.