Танымал файтер Қазақстан тумасын UFC чемпионы болатынын айтты

6 желтоқсан 2021 15:03
©UFC

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпиондық белбеуіне үміткер болған америкалық Майкл Чендлер Қазақстанның тумасы Рафаэль Физиевтің UFC Vegas 44 турнирінде Жаңа Зеландияның өкілі Брэд Ридделлді жеңгеніне байланысты пікірін білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Бұл туралы қазір айтайын. Физиев чемпион болады. Сонымен қатар, біз тірі аңыздың өнерін көріп, ләззат алып жатқанымызды қоса кетейін", - деп жазды Чендлер "Твиттер" парақшасында. 

Еске салайық, бұл турнирде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов та өнер көрсетіп, жеңіліп қалды. Ал жекпе-жек кешінің басты айқасында Жозе Алдо төрешілердің шешімі бойынша америкалық Роб Фонтомнан айласын асырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: