UFC
Бүгін 17:02

Тағы бір қазақстандық велоспортшы Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді

©ҚР ҰОК/Владислав Семенов

Қазақстандық велошабандоз Евгений Федоров Аичи мен Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.

Қазақстан құрамасының өкілі ерлер арасындағы топтық жарыста мәреге екінші болып жетіп, күміс медаль жеңіп алды.

Федоров үшін бұл - Азия ойындарындағы екінші жүлде.

Ол бұған дейін Ханчжоуда өткен Азия ойындарында дәл осы 207,7 шақырымдық топтық жарыста чемпион атанған еді. Сол кезде қазақстандық спортшы 4:25:29 уақыт көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті. Ал Алексей Луценко дәл сондай уақытпен екінші орын алған.

Осылайша, Федоров топтық жарыста қатарынан екінші рет Азия ойындарының жеңіс тұғырынан көрінді.

Ал Алексей Луценко жарыста жеңіске жетіп, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы Азия ойындарында ең көп алтын медаль жеңіп алған спортшы атанды.

Жапониялық Юхи Тодоме үздік үштікті түйіндеді. Николя Винокуров жетінші сатыға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport