UFC
10 шілде 2022 15:03

"Соңына дейін мүмкіндік беру керек еді". UFC чемпионы Физиевтің кездесуіндегі төрешіні сынға алды

©instagram.com/ufcrussia

Ең жеңіл салмақта UFC чемпионы Алджамейн Стерлинг Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 58 турниріндегі басты айқастағы төрешілердің жұмысына көңілі толмайтынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Турнирдің басты айқасында Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев бесінші раунда бразилиялық Рафаэль Дос Аньосты нокаутқа түсірді. Ал Стерлинг бұл кездесуде төреші жекпе-жекті тез тоқтатып қойды деп санайды. 

"Маркс ең үздік төрешілердің бірі. Дегенмен ол айқаста ерте тоқтатты. Қатал шешім. Дос Аньос өз-өзіне келе алар ма еді. Соны көру керек едік. Керемет жекпе-жек. Бірақ соңына дейін мүмкіндік беру керек еді", - деп жазды Стерлинг твиттер парақшасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport