UFC
17 маусым 09:47
 

Шавкаттың салмағындағы чемпиондық жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

  Пікірлер

blog.share

Шавкаттың салмағындағы чемпиондық жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды ©UFC PI

Екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Генри Сехудо (16-5) жартылай орта салмақтағы келесі чемпиондық жекпе-жектің болжамды күнін атады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Екі салмақ дәрежесінде UFC чемпионы болған Генри Сехудо (16-5) жартылай орта салмақтағы келесі чемпиондық жекпе-жектің болжамды күнін атады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Оның айтуынша, жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион Ислам Махачев (27-1) жартылай орта салмақтағы жаңа чемпион Джек Делла Маддаленаға (18-2) қарсы осы күзде шайқасқа шығады.

"Біз бәріміз Махачев пен Маддалена, 20 қазанда жекпе-жек өткізетінін білеміз. Бұл қай жерде болатынын білмеймін. Бірақ Шавкат Рахмонов, Шон Брэди, Белал Мұхаммед пен Иэн Гэрри не істер екен?", – деді Сехудо Pound 4 Pound подкастында.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық Шавкат Рахмонов (19-0) да осы жылдың соңына дейін чемпионмен жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!