Шавкат Рахмоновтың UFC ұйымындағы жекпе-жегі нешеде көрсетілетіні анықталды

©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (14-0) Brave CF лигасының бұрынғы чемпионы гайаналық Карлстон Харриске (17-4) қарсы кездесуі қашан басталатыны анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Рахмонов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін жексенбі, 6 ақпан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 47 турнирінде өткізеді. Отандасымыз бірінші рет UFC турнирінің басты кардында шығады. 

Шавкаттың айқасы басты кардтың төртінші кездесуі болады. Бұл жекпе-жек шамамен Қазақстан уақыты бойынша 7:30-да басталады. 

Еске салайық, осыған дейін Рахмонов UFC ұйымында екі кездесу өткізді. Соңғы рет ол UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, екінші раундта бразилиялық Мишеь Празересті қылқындыру әдісімен жеңді. Ал бірінші кездесуінде Алекс Оливейрадан айласын асырды. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport