Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) UFC ұйымындағы келесі кездесуін 15 қаңтар күні өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі ESPN журналисі Бретт Окамотоға сілтеме жасап.
27 жастағы Рахмоновтоың қарсыласы 32 жастағы америкалық Джефф Нил (15-4) болады.
"Дереккөздің маған жеткізген ақпараты бойынша, Джефф Нил мен Шавкат арасындағы кездесу 15 қаңтар күні өтеді. Бұл кездесу үш раундқа жоспарланған", - деп жазды Окамото Twitter парақшасында.
Еске салайық, Рахмонов соңғы кездесуін америкалық Нил Мэнгиге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.