UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов келесі кездесуін бразилиялық Мишель Перейрамен өткізгісі келеді. Бұл туралы спортшының өзі соңғы кездесуінен кейінгі баспасөз жиыны кезінде айтты, деп жазады Vesti.kz порталы.
Еске салайық, "Номад" Лас-Вегас қаласындағы UFC Vegas 47 турнирінде бірінші раундта Карлстон Харристі (17-5) бірінші раундта жеңді.
"Өзімді жақсы сезініп отырмын. Бұл қауіпті қарсылас. Бұған дейін дейінгі екі кездесуін нокаутпен жеңген. Мен оның жекпе-жектерін көріп, өзімнің мықты екенімді білдім. Себебі жаттығу залдарында мықты спортшылармен бірге жаттығамын.
Осы жекпе-жекке дайындаған Генри Хуфт та керекті сөздерді айтып тұрды. Командам да жақсы дайындады. Жеке бапкерім Баян Маратұлы Жанғалов қазақстаннан қоңырау шалы, шабыт берді. Мен осы Генри Хуфт пен Баян Маратұлының құрған жоспары бойынша жұмыс істедім. Бұл сол кісілердің де жеңісі. Ары қарай не дейсіз бе? Мен барлығына дайынмын. Үздік 10, 15 спортшының кез-келгенімен жекпе-жек өткізе беремін.
Егер үздік он бес спортшы болмаса, маған Мишель Перейраны берсін. Ол жуырда біздің залда жаттығатын бір спортшыны жеңді. Мен онымен шоу көрсеткім келеді. Енді келесі айқасымды жазда өткізетін шығармын. Қазір үйге барып, бапкеріммен ақылдасып, ойлану керек", - деді Рахмонов.
Айта кетейік, Рахмонов UFC ұйымында үшінші кездесуінде жеңіске жетті. Ал жалпы аралас жекпе-жекте бұл оның 15 жеңісі ретінде тіркелді.