Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (14-0) UFC ұйымында үшінші кездесуін өткізу үшін АҚШ еліне ұшып кетті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.
Құрама штаттарда Рахмонов дайындығының соңғы кезеңін өткізеді. Қазақстандық спортшы алдағы айқасына Sanford MMA спорт залында дайындалады.
Еске салайық, Рахмонов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін 5 ақпан күні өткізеді. Лас-Вегаста өтетін жекпе-жек кешінде оның қарсыласы гайаналық Карлстон Харрис (17-4) болады.