Шавкат Рахмонов UFC ұйымында кіммен кездескісі келетінін мәлімдеді

©ufc.com

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеу мен алдағы қандай қарсыласпен кездескісі келетіні туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Тезірек өз салмағымда чемпиондық белбеуді алғым келеді. Болашақта өз мектебімді де ашатын шығармын. Ал АҚШ-қа тек жекпе-жек үшін барамын. Көшіп бару туралы ұсыныс болмады. Бірақ алда не боларын көрейік. Магнимен кездесуден кейін Стивен Томпсонды кездесуге шақырдым. Ол мықты файтер. 

Мен тек бұл шаруға спорттық тұрғыдан қараймын. Мишель Перейра менімен деңгейлес мықты қарсылас. Онымен рингте кездескім келеді", - деп келтіреді Рахмоновтың сөзін 5q.media порталы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport