Шавкат Рахмонов UFC-дің болашақ жұлдыздарының қатарына қосылды

©instagram.com/shavkatrakhmonov94

The MMA Media журналисі Логан Оффорл ММА әлеміндегі болашақ жұлдыздарының бестігін жасады. Бұл тізімде қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл тізімнің бірінші сатысында ұлыбританиялық Пэдди Пимблетт тұр. Одан кейін швециялық Хамзат Чимаев, ресейлік Ислам Махачев, америкалық Бо Никал жайғасқан. Ал қазақстандық Рахмонов болса бесінші орында. 

Сонымен қатар, журналист бонус ретінде бұл тізімге Роберто Солдичті де қосыпты. 

Еске салайық, Рахмонов келесі кездеуін 2023 жылдың 14 қаңтарында өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Джефф Нилл болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport