Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (15-0) 26 маусым күні UFC ұйымында төртінші кездесуін өткізу үшін АҚШ-қа кетті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Рахмоновтың алдағы кездесуіндегі қарсыласы жартылай орта салмақтағы рейтингте оныншы орында тұрған америкалық Нил Мэгни (26-8) болады.
Бұл жекпе-жек Лас-Вегас қаласындағы UFC Apex спорт орталығында UFC Fight Night кешінде өтеді.
Айта кетейік, отандасымыз осыған дейін UFC ұйымында үш кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.