Шавкат Рахмонов кімді үлгі тұтқанын айтты

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) бала кезінде кімді үлгі тұтқанын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Үлкен ағаларым мені көп тебелестіретін. Ешқашан "жоқ" деген емеспін. Шамамен барлығын жеңетінмін. Тек жасы үлкендерден жеңілетінмін. Кішкентай кезімнен жекпе-жек тамашалауды жақсы көрдім. DVD-дискіден көрдім. Федор Емельяненко ұнайтын. Мирко Крокоптың айқастарын жібермейтінмін. 

Кейін өзім өнер көрсете бастадым. Содан соң ММА-ге толық ауыстым. Жоғарыдағы спортшылар секілді чемпион болатынымды сездім. М-1 ұйымында өнер көрсеткенде мақсатым тезірек белбеу алу еді. Мен оны істедім. Сосын оны қорғап, UFC ұйымына ауыстым", - деді Рахмонов. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport