Шавкат Рахмонов Абу-Дабидегі UFC турниріне неге қатыспағанын айтты

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (16-0) танымалдық жайында, UFC 280 турниріне қатысу ниеті және Ислам Махачевтің жеңісі жайлы пікірін айтты. 

UFC 280 турнирі 23 қазан күні Абу-Даби қаласында өтті. Бұл турнирдің басты айқасында Махачев бразилиялық Чарльз Оливейраны жеңіп, жеңіл салмақта чемпион атанды. 

- Сіз UFC 280 турнирінде қонақ ретінде болдыңыз. Сізді көпшілік таныды. Жалпы Сізді Қазақстан аймағынан да тыс жерде тани бастады ма?

- Иә. Көпшіліктің танып жатқаны қуантады. Бірақ оның қиын жағы да бар. Барлығы суретке түсейік деп, мазаңды алады. 

- UFC 280 турниріне қатыса алмағаныңызға өкінбейсіз бе? Себебі бұл ТМД елдері үшін маңызды жекпе-жек кеші болды. Сіз турнирді одан да қызықты етер едіңіз ...

- Негізі мен бұл турнирге қатысқым келген. Бірақ болмады. Мен не істей аламын? UFC өзі шешеді. Мен менеджеріме (Саят Абдрахманов - ред) айттым. 

- Бұл турнирге Сізге ең қатты ұнаған не болды?

- Жанкүйерлермен турнир басқаша өтеді. Мен болсам жабық кешенде, жанкүйерлерсіз төбелесемін. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport