Шавкат Рахмановтың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы анықталды. Жекпе-жектің қашан өтетіні де белгілі

19 қараша 2021 18:32
©UFC

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмановтың UFC ұйымындағы келесі айқасы 5 ақпан күні өтеді. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады. 

27 жастағы қазақстандық спортшының қарсыласы гайаналық Карлстон Харрис болады. Ол осы уақытқа дейін 21 кездесу өткізіп, 17 кездесуде жеңіске жетсе, 4 жекпе-жекте жеңілген. 

Ал Рахмонов болса осы уақытқа дейін 14 айқас өткізіп, барлығында қарсыластарынан айласын асырған. Соңғы рет отандасымыз жекпе-жегін 27 маусымда өткізіп, бразилиялық Мишель Празересті сабмишн әдісімен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: