Қазақстандық Naiza FC промоушенінің президенті Нұрбек Қарабала өзінің досы, UFC ұйымында өнер көрсететін Шавкат Рахмоновтың (16-0) неге мықты екенін айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Мұндай мәлімдемені ол Шавкат туралы UFC түсірген фильмде жасады.
"Шавкат қымыз ішіп, жылқының етін жейді. Сондықтан да ол мықты. Оның басты тағамы - бешбармақ. Қымыз - барлық қазақты мықты қылатын басты құпия", - деді Қарабала.
Айта кетейік, Рахмонов соңғы кездесуінде америкалық Нил Мэгниден үстем болды. Ол қазіргі уақытта жартылай орта салмақта UFC рейтингінде оныншы орында. Отандасымыз келесі кездесуін 15 қаңтар күні Лас-Вегас қаласында америкалық Джефф Нилмен (15-4) өткізеді.