Қазақстандық ММА шебері Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Шавкат Рахмонов UFC ұйымымен жаңа келісімшарт жасады. Жаңа келісім жақсартылған шартпен", - деп жазады журналист Игорь Лазорин телеграм арнасында.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов келесі кездесуін 26 маусым күні Лас-Вегастағы UFC Figh Nifgt 208 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы америкалық Нил Мэгни болады.