Рахмонов пен Празерес қанша соққы жасады? Төрешілердің статистикасы шықты

27 маусым 2021 02:31
Сурет: UFC

Қазақстандық Шавкат Рахмонов  (14-0) пен бразилиялық Мишель Празерес арасындағы кездесудегі төрешілердің шешімі шықты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы UFC Vegas 30 турнирінде өтті. Негізі айқас үш раундқа жоспарланған болатын. Бірақ екінші раундта қазақстандық спортшы қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңді.

Қазақстандық спортшы бұл айқаста қарсыласынан екі есе көп соққы жасапты. Тарқатып айтсақ, Рахмонов 64 рет ұрса, бразилиялық 32 мәрте ұрған. Шавкаттың 21 ұрғаны дәл тисе, қарсыластың алты ғана соққысы дәл өтіпті. 

 

Метки: