UFC ұйымында өнер көрсететін Петр Янның қазақстандық менеджері Саят Әбдірахманов ресейліктің келесі қарсыласы кім болатынын айтты.
"Сехудомен кездесу - біздің басты мақсатымыз. Генри де Янмен кездескісі келетін шығар. Бірақ ол әлі жекпе-жек өткізуге дайын емес. Әлі жарты жылдай допинг тексерістен өту керек. Біздің басты мақсатымыз осы. Жалпы біз чемпиондық жекпе-жекке жақындататын кез-келген қарсыласпен кездесуге дайынбыз", - деді Әбірахманов Sport24 порталына берген сұхбатында.
Айта кетейік, жуырда Сехудо жекпе-жекке қайта оралатынын мәлімдеген болатын. Сехудо екі салмақта - жеңіл және жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы болған.
Ал Петр Ян болса Алджамейн Стерлингпен екі мәрте чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасып, екеуінде де жеңіліп қалды.