Петр Янды жеңген UFC чемпионы грузиялық досы үшін салмақ ауыстыратынын айтты

2 маусым 2022 17:03
©Twitter

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы америкалық Алджамейн Стерлинг алдағы уақытта жартылай жеңіл салмаққа ауысатынын айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Мерабтың келесі жеңісінен кейін мен салмақ ауыстыруым керек. Өйткені, оған мүмкіндік беруім керек. Ол Грузияның тарихында бірінші рет UFC чемпионы болады. Біз бұл мәселені шешіміз", - деп жазды Стерлинг. 

Айта кетейік, грузиялық файтер Мераб Двалишвили мен Стерлинг ұзақ уақыттан берін Serra-Longo Fight Team спорт залында жаттығады. 

Стерлинг соңғы кездесуін сәуір айында ресейлік Петр Янға қарсы өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жеткен болатын. Осы кездесуге Алджамейнге дайындалуға Двалишвили көмектескен еді. Ал грузилиялықтың өзі аралас жекпе-жекте 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport