Қазақстандық боксшы Наталья Богданова 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда ол Өзбекстан боксшысы Азиза Зокированы жеңді. Алғашқы раундта қарсыласы басым түскенімен, Богданова кейінгі екі раундта камбэк жасап, жекпе-жекті 4:1 есебімен өз пайдасына аяқтады.
Осылайша, Богданова кем дегенде қола жүлдеге кепілді түрде жетіп отыр.
Бүгін Қазақстан құрамасынан тағы мына боксшылар өнер көрсетеді:
1/4 финал
14:00. 55 келі. Махмұд Сабырхан - Джэён Син (Оңтүстік Корея);
15:00. 90 келі. Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан).
Айти және Нагояда өтіп жатқан бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанда аяқталады.