Бүгін, 28 қыркүйекте Қазақстан құрамасының бес боксшысы 2026 жылғы Азия ойындарында ширек финалдық жекпе-жектерін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектер кестесі28 қыркүйек. 1/4 финал
08:45. 51 келі. Алуа Балқыбекова - Юна Нисинака (Жапония)
09:45. 75 келі. Наталья Богданова - Азиза Зокирова (Өзбекстан)
10:00. 70 келі. Төрехан Сабырхан - Али Касим Хамдан Аль-Саррай (Ирак)
14:00. 55 келі. Махмұт Сабырхан - Джэён Син (Оңтүстік Корея)
15:00. 90 келі. Нұрбек Оралбай - Тұрабек Хабибуллаев (Өзбекстан)
Жекпе-жектерді Qazaqstan телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияны телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.
Жартылай финалға шыққан боксшылар кем дегенде қола жүлдені кепілді түрде иеленеді.
Айти және Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.