Өзбекстандық боксшы Абдумалик Халоков 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
60 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда өзбекстандық боксшы КХДР боксшысы О Тэ Боммен кездесті. Жекпе-жек Халоковтың таза жеңісімен аяқталды - 5:0.
Ширек финалда ол Непал боксшысы Кхагендра Року Магарды жеңген филиппиндік Хунмилардо Огайремен кездеседі.
Айта кетейік, бұл салмақта Қазақстан атынан Оразбек Асылқұлов өнер көрсетеді. Ол 1/8 финалда Оңтүстік Корея боксшысы Дон Хван Чанға қарсы жұдырықтасады.
Асылқұлов пен Халоков жарыс финалында кездесуі мүмкін.
Халоков - 2024 жылғы Олимпиада чемпионы. Сонымен қатар оның еншісінде әлем чемпионатындағы екі жеңіс, Азия чемпионатындағы және 2022 жылғы Азия ойындарының чемпионы атағы бар. Бұдан бөлек, өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингте үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.
Еске салайық, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары 21 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатыр.