auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Оның орнында болғанда блогерлерді ұратын едім". Нурмагомедов Головкинге ақылын айтты

"Оның орнында болғанда блогерлерді ұратын едім". Нурмагомедов Головкинге ақылын айтты
Сурет: instagram.com/khabib_nurmagomedov

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов Алматыдағы баспасөз жиыны кезінде қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинмен қаншалықты жақсы араласатыны туралы айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. Ресейлік спортшы боксшыға біраз ақылын да айтты. 

"Генамен таныспын. Бір рет кездестік. Оның карьерасын бақылап отырамын. Әлемдік деңгейдегі боксшы. Енді бір жекпе-жек өткізіп, ақша жинап алу керек. Содан соң мансабын аяқтауға болады. Бұл менің жеке кеңесім. Адамның жасы 35-тен асқан соң мұндай спортпен айналысудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Бокс - аралас жекпе-жекке қарағанда жарақаты көп спорт. Иә, аралас жекпе-жекте буыннан көп жарақат аласың. Бірақ бокста басың сау болмайды. Бір-екі блогерді құлатып, ақша жинап алу керек. Мен оның орнында болғанда блогерлерді ұратын едім. Қазір "Канело" секілді жалындап тұрған жастармен жұдырықтасудың қажеті жоқ", - деді Хабиб. 

Сонымен қатар, дағыстандық спортшы Головкиннің аралас жекпе-жекке ауысуына қалай қарайтынын айтты.

"Головкин аралас жекпе-жекке ауысса дейсіз бе? Оның жасы келіп қалды. Ол өзін жақсы көрсете алады деп ойламаймын", - деп қорытындылады Нурмагомедов. 

Айта кетейік, 18 маусым күні "Алматы Арена" спорт кешенінде Хабиб Нурмагомедовтің Eagle Fighting Champiomship промоушені EFC 37 турнирін өткізеді. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама