Менеджер Жұмағұловтың келесі кездесуі қашан өтетінін айтты

Сурет: UFC©️

Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін Жалғас Жұмағұловтың (14-5) менеджері Саят Әдірахманов отандасымыздың алдағы жоспары туралы айтты. Ол Джеф Молинамен жекпе-жек туралы да ойын айтты, деп жазады Sports.ru. 

Еске салайық, Молина мен Жұмағұлов әлеуметтік желіде сөзге келіп қалған болатын. Сөйтіп Жалғас оны жекпе-жекке шақырды. 

"Молина жекпе-жекке қарсы емес. Мұны матч-мейкерлер де біледі. Жалғас қазан не қараша айында жекпе-жек өткізуге дайын. Шешімді күтеміз. 

Бірақ Жұмағұлов Абу-Дабиде жекпе-жек өткізгісі келмейді. Оның айтуынша, бұл жер - "қарғыс ұрған арал". Ол жақта Жалғас екі рет жеңіліп қалды. Сондықтан да ол Америкада өнер көрсеткісі келеді", - деді менеджер. 

Айта кетейік, Жұмағұлов өзінің соңғы кездесуін Лас-Вегас қаласында UFC 264 турнирінде өткізіп, америкалық Джером Ривераны бірінші раундта жеңді. 

Бұл қазақстандық спортшының промоушендегі бірінші жеңісі еді. Ол келісімшарт бойынша UFC-де тағы бір айқас өткізуі керек. 

 

Метки: