Қазақстандық файтер Мария Агапованың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз келесі кездесуін 18 қыркүйек күні UFC Vegas 60 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы канадалық Джиллиан Робертсон болады.
Негізі Агапова 31 шілде күні Далласта өтетін UFC 277 турнирде кореялық Джи Йон Киммен кездесуі керек еді. Бірақ қазақстандық жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Оның орнына Киммен Джозелин Эдвардс кездесетін болды.
Айта кетейік, Агапова соңғы кездесуін украиналық Марина Морозға қарсы өткізіп, сабмишн әдісімен жеңіліп қалды. Жалпы ол аралас жекпе-жекте он кездесуде жеңіске жетсе, үш мәрте жеңілген.
Джиллиан Робертсон болса соңғы кездесу 13 наурыз күні UFC Fight Night 203 турнирінде өткізіп, Джей-Джей Олдричтен төрешілердің шешімі бойынша ұтылды. Робертсонның еншісінде 10 жеңіс және 7 жеңіліс бар.
Подробнее на «Чемпионате»:
https://www.championat.com/boxing/news-4776073-mariya-agapova-provedyot-boj-protiv-dzhillian-robertson-18-sentyabrya-na-ufc-vegas-60.html?utm_source=copypaste