Мария Агапованың UFC ұйымындағы келесі қарсыласы белгілі болды

©UFC

Қазақстандық файтер Мария Агапова UFC ұйымындағы келесі кездесуіне дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Файтердің өзі келесі кездесуі қашан өтетіні және қарсыластың анықталып қойғанын жазды. Бірақ нақты ақпаратты алдағы уақытта айтатынын мәлімдеді. 

"Бүгін келесі жекпе-жектің күні мен қарсыласты білдім. Келісімшартты күтеміз", - деп жазды Агапова Instagram парақшасында. 

Еске салайық, қазақстандық файтер 31 шілде күні Даллас (Техас штаты, АҚШ) қаласында UFC 277 турнирінде кореялық Джи Ен Киммен кездесуі керек еді. Алайда Агапова жарақатына байланысты айқастан бас тартты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport