UFC
26 сәуір 2022 13:47
 

Мария Агапова UFC ұйымындағы келесі кездесуіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

Мария Агапова UFC ұйымындағы келесі кездесуіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті ©UFC

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Мария Агапов өзінің келесі кездесуіне байланысты тың ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

blog.share

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Мария Агапов өзінің келесі кездесуіне байланысты тың ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Отандасымыз UFC ұйымындағы соңғы кездесуін 5 наурыз күні өткізді. Ол кездесуде Агапова украиналық Марина Мороздан жеңілді. Сол жекпе-жектен кейін қазақстандық спортшы мұрнына операция жасатқан еді. 

"Осы аптада дәрігермен кездесемін. Жекпе-жекке рұқсат алып, кәсіпке қайта ораламын", - деп жазды Агапова Іnstagram парақшасында. 

Айта кетейік, 25 жастағы Агапова UFC ұйымында осы уақытқа дейін төрт кездесу өткізіп, екеуінде жеңіске жетсе, екеуінде жеңілген. Ол Қазақстан атынан аталған ұйымда өнер көрсетіп жүрген бірінші әйел спортшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!