Мария Агапова соңғы айқасында жеңілгеніне қарамастан сыйлық алды

©instagram.com/mma.mashka

UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық Мария Агапова (10-4) Instagram парақшасында жаңа жетістігімен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Агапова соңғы айқасын қыркүйек айында Лас-Вегас қаласында өткізіп, канадалық Джиллиан Робертсоннан сабмишн әдісімен жеңілген еді. 

"Жеңілген жекпе-жегімнен кейін де мен жаттығуымды жалғастыра бердім. Осы мінезім үшін сенсей маған көгілдір белбеу сыйлады", - деп жазды Агапова әлеуметтік желісінде. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport