Маман Морозовтың мықты тұстарын айтып берді

Cagesidepress.com порталының шолушысы Алекс Бехунин қазақстандық Сергей Морозов жан-жақты спортшы екенін айтты. Vesti.kz порталына берген сұхбатында ол отандасымыздың неміс спортшысы Халид Тахамен өтетін кездесуі туралы да ойын бөлісті. 

"Морозов - жан-жақты спортшы. Сондықтан да оның бір стилі жоқ. Бұл болашақта оған кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ қазір осы дүние қалған спортшылар арасында оның басымдығы. Оның UFC ұйымындағы бірінші кездесуі өте қиын болды. Сергей шыдамды. Тахаға қарсы кездесуде ол өзінің осы басымдықтарын қолдануы керек. Менің ойымша, Морозов бұл кездесуде жеңіске жетеді",- деді маман. 

Айта кетейік, бұл кездесу UFC Vegas 31 турнирінде, 18 шілде күні өтеді.

Метки: