auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Маман Жұмағұловтың UFC-де неге жеңілгенін түсіндірді

Маман Жұмағұловтың UFC-де неге жеңілгенін түсіндірді
©UFC

Ұлыбританиялық журналист Бен Смит Vesti.kz тілшісімен болған сұқбатында қазақстандық Жалғас Жұмағұлов  (14-7) пен америкалық Джефф Молина (11-2) арасындағы жекпе-жек туралы айтты. Маман әңгіме барысында отандасымыздың болашағына байланысты да пікір білдірді. 

Бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 56 турнирінде болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 28-29, 29-28, 27-30 есебімен Молинаға берді. 

"Менің ойымша, төрешілер әділ шешім шығарды. Дегенмен 30-27 дегені тым артықтау. Бірақ та Молинада аз да болса басымдық болды. Қазақстандық файтер біраз тырысқан еді. Алайда айқас барысында оның есте қалатын соққысы болмады. Джефф әрбір ұпай алатын сәтті дұрыс пайдаланды. Мұны төрешілер де байқады. Негізі тең кездесу. Молина тек аз басымдық көрсетті. 

Жұмағұловтың болашағы туралы айту қиын. Ол төрт мәрте жеңілді. Жанкүйерлердің де назарын өзіне аудара алмады. Жекпе-жектері де іш пыстырады. Ашығын айтқанда ол UFC деңгейінде емес. Оған тағы бір мүмкіндік беретін шығар. Дейтұрғанмен ұзаққа бара алады деп ойламаймын", - деді Смит. 

Айта кетейік, Жұмағұлов жалпы UFC ұйымында бес кездесу өткізіп, төрт рет жеңілді және бір рет жеңді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама