Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор (22-6) келесі кездесуін жартылай орта салмақта өткізетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі инсайдер Игорь Лазориннің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Айта кетейік, дәл осы жартылай орта салмақта қазақстанның өкілі Шавкат Рахмонов (16-0) та өнер көрсетеді. Негізі қазіргі уақытта МакГрегор жеңіл салмақтың рейтингінде 12-сатыда тұр.
Еске салайық, ирландиялық файтер соңғы кездесуін 2021 жылдың шілде айында өткізіп, америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Ол айқаста Конор аяғын сындырып алды. Содан бері емделген болатын.