МакГрегор MTV жүлдесін табыстау кезінде рэпермен төбелесіп қалды

13 қыркүйек 2021 15:03
©fighttime.ru

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор Бруклиенде MTV Video Music Awards жүлдесін табыстау кезінде Machine Gun Kelly деген рэпермен ерегісіп қалды, деп хабарлайды TMZ порталы. 

МакГрегор MGK деген лақап атымен танымал рэпермен суретке түскісі келген. Бірақ ол Конорды итеріп жібереді. Сөйтіп ирландиялық спортшы ашуланып, қолындағы сусынын Келлидің үсітне шашып жіберген. 

Сонымен қатар, МакГрегор музыкантты сол қолымен ұрған. 

Еске салайық, МакГрегор соңғы рет UFC 264 турнирінде америкалық Дастин Порьемен кездесті. Бұл айқаста Конор аяғын сындырып, жеңіс Порьеге берілген еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: