Қазақстан бокс құрамасының көшбасшыларының бірі Махмұт Сабырхан 2026 жылғы Азия ойындарында бірінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
55 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда екі дүркін әлем чемпионы Сабырхан Иран боксшысы Мехди Каземимен кездесті. Ол бұған дейінгі іріктеу кезеңінде КХДР боксшысы Чон Рён Соны жеңген еді.
Сабырхан Каземиді 5:0 есебімен жеңді. Қазақстандық боксшы екінші және үшінші раундтарда қарсыласын тік тұрған күйдегі нокдаунға түсірді.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы және 2026 жылғы Азия чемпионы.
Бұған дейін Қазақстанның бокс құрамасынан 2026 жылғы Азия ойындарында төрт боксшы жарыстан шығып қалды. Оразбек Асылқұлов (60 келіге дейін), Сабыржан Аққалық (80 келіге дейін), Назым Қызайбай (54 келіге дейін) және Виктория Графеева (60 келіге дейін) бірінші айқасынан кейін-ақ жарыс жолын аяқтады.
Нагоядағы бокс турнирі 2 қазанға дейін жалғасады.