UFC
29 тамыз 15:25
 

Махачев Рахмоновтың салмағында бірден титулға айқасатын болды

  Пікірлер

blog.share

Махачев Рахмоновтың салмағында бірден титулға айқасатын болды ©Fightnews.info

Ресейлік файтер Ислам Махачев (27-1) пен аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) арасындағы жекпе-жек туралы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Ресейлік файтер Ислам Махачев (27-1) пен аустралиялық Джек Делла Маддалена (18-2) арасындағы жекпе-жек туралы ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жартылай орта салмақтағы чемпиондық жекпе-жек 2025 жылғы 16 қараша күні өтеді және UFC 322 турнирінің басты оқиғасы болады. Турнир АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында ұйымдастырылады.

Ислам Махачев бұған дейін жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуден өз еркімен бас тартып, жаңа салмақ дәрежесіне өту туралы шешім қабылдаған болатын.

Ол кейінгі рет октагонға 2025 жылдың қаңтарында шықты. Сол кезде бразилиялық Ренато Мойканоны сабмишнмен жеңіп, титулын сәтті қорғаған еді.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!