Махачев Рахмоновпен айқас туралы сұраққа жауап берді

©instagram.com/shavkatrakhmonov94/

Жеңіл салмақта UFC ұйымының чемпионы атанған ресейлік файтер Ислам Махачев жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмоновпен (16-0) кездесу өткізу туралы сұраққа жауап берді, деп жазады "Матч ТВ". 

Еске салайық, Махачев UFC 280 турнирінің басты жекпе-жегінің екінші раундында Чальз Оливейраны (33-9-0-1) сабмишн әдісімен жеңді. 

- Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Шавкат Рахмонов немесе Хамзат Чимаев секілді қарсыластармен кездесу туралы не айтасыз? Ол сіз үшін тым ірі емес пе?

- Мен жарысуды жақсы көремін. Егер өз салмағымда үстемдік құратын болсам, неге кездесу өткізіп көрмеске? Басқа салмаққа ауысып, жеңіліп қалу қатты жаман нәрсе емес. Мысалы Волкановски. Ол өз салмағында барлығын жеңіп шықты. Енді ол 70,3 келіге көтерілгісі келеді. Егер ол мұны істей алатын болса, менің де қолымнан келеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: