Махачев пен басқалардың UFC 280 турниріндегі сыйақылары айтылды

©UFC

Абу-Даби (БАӘ) қаласында өткен UFC 280 турнирінде өнер көрсеткен файтерлердің сыйақылары белгілі болды. 

Totalsportal.com порталының ақпараты бойынша, бұл кештегі ең көп сыйақыны жеңіл салмақта UFC чемпионы Чарльз Оливейра алған. Бразилиялық 750 мың доллар сыйақыға ие болыпты. Сонымен қатар, ол тікелей трансляциядан түсетін пайдадан 500 мың және 42 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы алады. 

Ислам Махачевтің кепілді гонарары 500 мың доллар. Сонымен қатар, ол трансляциядан 350 мың, қосымша сыйақы ретінде 100 мың және жарнамадан 32 мың долларға ие болады. 

Шон О'Мэлли болса 300 мың нақты, 100 мың бонус және 15 мың долларды жарнамадан түсірген. Оның қарсыласы Петр Янға 210 мың тұрақты сыйақы және 10 мың жарнамалық бонус беріледі. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: