Сергей Морозовтың неміс Халид Таханы жеңгені күтпеген жағдай болды. Мұндай пікірді Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Allaccessmma.com шолушысы Роб Бартл айтты. Сондай-ақ, маман отандасымыздың бұл қаншалықты маңызды екені туралы ой бөлісті.
Еске салайық, бұл кездесу Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 31 турнирінде өтті. Үш раунда созылған бұл айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Морозовқа берді.
"Сергей Морозовтың қарсыласынан қатты басым болғаны таңғалдырды. Ол барлық жағынан мықты болды. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің жеңісті Морозовқа бергені әділ болды.
Бұл нәтиже көпшілікті қуантты. Умардан жеңілгеннен кейін Морозов өзінің қаншалықты мықты спортшы екенін көрсетті. Ол әсіресе партерде мықты болды. Негізі Сергей бұл кездесуге өте сенімді шықты. Енді ол UFC ұйымында қалады. Бірақ келесі кездесулерінде өзін тағы да дәлелдеуі керек", - Бартл.
Айта кетейік, Морозов UFC ұйымында қаңтар айында бірінші кездесуін өткізіп, ресейлік Умар Нурмагомедовтен (13-0) сабмишн әдісімен жеңіліп қалды.