Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор октагонға қайта оралуы мүмкін екенін меңзеп, әлеуметтік желісінде жазба қалдырды.
"Тарихтағы ұлы қайта оралу. Сіздер куә боласыздар ма?", - деп бірнеше ескі жекпе-жектерінің видеосын салып, жазба қалдырды МакГрегор.
Еске салайық, Конордың жекпе-жек өткізбегеніне бір жылдан асып кетті. Ол соңғы рет өткен жазда UFC 264 турнирінде өнер көрсетіп, Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Бұл кездесуде ирландиялық аяғын сындырып алды. Содан бері емделді. Жуырда ол жаттығуға кірісті.