Екі салмақ бойынша UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор кезекті мәрте карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп жазады "Р-Спорт" басылымы.
"Аралас жекпе-жек, мен сені ешқашан ұмытпаймын. Жеңіл жұмыс", - деп жазба қалдырды файтер әлеуметтік желісінде.
Айта кетейік, МакГрегор 2021 жылдың шілдесінен бері жекпе-жек өткізбеді. Ол соңғы мәрте UFC 264 турнирінде өнер көрсетіп, америкалық Дастин Порьеден жеңіліп қалды. Бұл кездесуде ирландиялық аяғын сындырып алды.