UFC
Бүгін 09:37

Қазақстандық төртінші дзюдошы Азия ойындарының күмісін жеңіп алды

©Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Ажар Асхат Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды.

Жерлесіміз 70 келіге дейінгі салмақтың ақтық бәсекесінде жапониялық Рин Маедамен кездесті. Белдесуде Жапония балуаны басымдық танытып, жеңімпаз атанды.

Ал Ажар Асхат жарысты күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Әбиба Әбужақынова (48 келіге дейін), Елдос Сметов (60 келіге дейін), Әділет Алмат (81 келіге дейін) күміс алған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport